29 қазан 2020 | 15:14

Қазақстанда полицейлердің жалақысы өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлердің жалақысын үш жыл ішінде 30 пайызға көтеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлердің жалақысын үш жыл ішінде 30 пайызға көтеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. 

"Президент ІІМ жүйесінде бірнеше жылдан бері жалақының төмен болғанын атап өтті. Осыған байланысты ол үкіметке тәртіп сақшыларының жалақысын үш жыл ішінде 30 пайыз жоғарылатуды тапсырды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елордалық полиция департаментіне жаңа ғимарат салу мәселесін тапсырды.

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Президент тәртіп сақшыларына баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетінін жеткізді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі.

Полицияда дөрекілік болмауы керек - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбекақысы төмен екенін айтты. Бұл көптен бері қордаланған мәселелерді бірі. Осыған орай ол Үкіметке 3 жылдың ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді.

Президент барлық мемлекеттік басқару жүйесіне үлкен сынақ болған COVID-19 пандемиясы кезінде полиция қызметкерлерінің ерекше еңбегін атап өтті.

"Қазіргі жағдайда дәрігерлермен қатар майданның алғы шебінде полиция қызметкерлері де жүр. Өйткені азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен берекелі өмірі сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды. Менің тапсырмам бойынша пандемияның бірінші кезеңінде карантин шараларын қамтамасыз етуге қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 6,6 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі", – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын да айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети