29 қазан 2020 15:18

Полицияда дөрекілік болмауы керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Tengrinews.kz Фото: © Tengrinews.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицияда дөрекілік болмауы керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицияда дөрекілік болмауы керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Нұр-Сұлтанда ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2020 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындысы мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы талқыға салынды. 

Жиында Тоқаев полиция өзіне тән емес функциялардан арылу керегін айтты. 

"Қазір полиция тікелей өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстармен айналысатын уақыт емес. Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. ІІМ-нің құрамынан төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет бөлінді. Ішкі істер органдары құрылымдарын одан әрі оңтайландыру жұмыстары Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жөніндегі комиссияның шеңберінде жүзеге асырылады. Бірақ бұл полицияның қызметін әлсірету деген сөз емес. ІІМ және оның құрылымдық бөлімшелері тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің негізгі тірек күші болған және солай бола береді", - деді Президент.

Қазақстанда полицейлердің жалақысы өседі

Мемлекет басшысы кадр саясатына баса мән беретінін атап өтті. Ол полиция қызметін жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында ведомстволық оқыту мекемелері қайта ұйымдастырылып, қызметкерлерді іріктеу жұмысы жетілдірілгенін жеткізді.

"Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек. Мұнда жоғары дайындықпен келген және өз ісіне шынайы берілген мамандар жұмыс істеуі қажет. Мемлекет пен қоғам оңтайлы өзгерістерді күтіп отыр. Тәртіп сақшылары азаматтарға үлгі болуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети