Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, зауыт 600 мың доза шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, зауыт 600 мың доза шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде 100 мың доза (QazVac) Қазақстан өңірлеріне тасымалданып жатыр, оның бір бөлігі өңірлердің біріне әкелінді. Сонымен қатар, қауіпсіздігін тексеру кезеңінде тұрған тағы 600 мың доза бар. Тамызда олар Қазақстанның барлық өңіріне таратылады", - деді Цой онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға QazVac-тың 25 мың дозасын жіберу туралы шешімге қатысты пікір білдірді.

"Қырғызстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету үшін ел басшылығына өтініш берілді. Гуманитарлық көмекті алушы көрші, бауырлас қырғыз елі. Біздің вакцинаның басқа елдерде қолданылуы - бұл Қазақстанның жетістігі", - деді ол.

Министрдің айтуынша, QazVac вакцинасына деген сұраныс әлдеқайда көп. Қазақстандық вакцинаның осындай сұранысқа ие болуы Жамбыл облысында өндіріс алаңын іске қосудың арқасында.

Бұған дейін Қырғызстанға коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілгені  хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети