31 шілде 2021 19:34

Қазақстанның бас санитария дәрігері QazVac туралы қаулыға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов QazVac вакцинасы туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов QazVac вакцинасы туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қиясов 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына мынадай толықтыру енгізген:

"1) ҚР БМСД №28 мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын:

"58-1. QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады.

Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады", - делінген қаулыда.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні айтылады.

Бұған дейін Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылғаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети