28 шілде 2021 16:17

Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қырғызстанға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде Қазақстаннан QazVac вакцинасының 25 000 дозасы жеткізілді. Оны Бішкекте тапсыру рәсімі Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев пен медициналық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

"Біз Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар қырғызстандықтар QazVac-пен де екпе алатынына қуаныштымыз", - деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пунктеріне жедел таратылады және азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупін азайту бойынша республиканың медициналық жүйесінің мүмкіндіктерін нығайтады. Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев вакцинаны жеткізуді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөзінің нәтижелері бойынша берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі ұйымдастырғанын айтты.

"Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алады, бұл елдер арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды", – деді Елші.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети