09 сәуір 2024 16:03

Қазақстанда ірі қылмыстық схема ашылды. ХҚКО, дәрігерлер және "көмекшілер" қатысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

"Қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және "көмекшілер" деп аталатындар кірген.

Ақшалай сыйақылар үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден аса рұқсат заңсыз берілген. Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2 электрондық-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, eQonaq ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан аса хабарлама беру үшін пайдаланылған.

Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.

"Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді. Осы факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети