Қазақстанда салық органдары блогерлерді жаппай тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда салық органдары блогерлерді жаппай тексеріп жатыр Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Кейбір қазақстандық блогерлерге қатысты салықтық тексерулер жалғасып жатыр. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кейбір қазақстандық блогерлерге қатысты салықтық тексерулер жалғасып жатыр. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, тексеру басталғаннан бері салық органдары 854 блогерге 72 миллиард теңге сомасындағы табысты төмендетіп көрсету бойынша 1 586 хабарлама жіберген.

"Олардың ішінде бүгінде 622 блогер қосымша салық декларациясын тапсырды. Олар өз табыстарын 18,3 миллиард теңгеге арттырып, қосымша 1 миллиард теңгеге жуық салық төледі. Сондай-ақ оларға тағы 600 миллион теңгеге жуық қаражат төлеу жүктелді", - деді Ержан Біржанов үкіметте өткен брифингте.

Ол қазіргі уақытта 7 блогерге қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты. Олардың қосымша есептелген салық сомасы 10 миллион теңгеден асады.

"Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Егер осы шаралардан кейін сомалар ерікті түрде төленбесе және олар айтарлықтай көлемде болса, материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру арқылы өндіріп аламыз немесе тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", - деп мәлімдеді Біржанов.

Вице-министр салық құпиясына сілтеме жасай отырып, блогерлерді атамады.

Мән-жайы

Еске салсақ, былтыр ақпанда Қазақстан блогерлеріне миллиардтаған теңге қарыз туралы жаппай салықтық хабарламалар келген болатын. Сол кездегі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 594 адам өз табысын 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткен.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети