19 қаңтар 2022 14:32

Қазақстанда шенеуніктерден тәркіленген ақша жиналып, жаңа қор құрылуы мүмкін - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда шенеуніктерден тәркіленген қаражат негізінде қор құрылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Қазақстанда шенеуніктерден тәркіленген қаражат негізінде қор құрылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Euractiv порталы мәліметінше, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қоғамдық қор құру туралы шешім қабылдағанын" айтқан.

Басылым дерегі бойынша, қор сыбайлас жемқорлық жасаған шенеуніктерден тәркіленген мүлік есебінен қаржыландырылады.

Бұл ретте әңгіме 11 қаңтарда Мәжілісте Мемлекет басшысы құруды тапсырған "Қазақстан халқына" қорына қатысты ма, жоқ па нақтыланбайды.

"Мен бұл Президенттің де, үкіметтің де, басқа да мемлекеттік органның қоры емес екенін баса айтамын. Бұл -  барлық қазақстандықтың қоры. Бұл халық қоры. Ол әкімшілік немесе үкімет қарамағында жұмыс істемейді. Біз оның қызметінің толық ашықтығын, қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етеміз", - деді Президент Тоқаев.

Еске салайық, "Қазақстан халқына" қорын Болат Жәмішев басқарады. Соңғы мәлімет бойынша, қорға қазірдің өзінде 12 миллиард теңгеден аса қаржы жиналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети