17 наурыз 2021 15:36

Қазақстанда сотталғандарды COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қазақстанда сотталғандарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда сотталғандарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық аумақтық департаментінде вакцинация жүргізу жоспарланған. Елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, ұсталғандар саны 32 мыңға жуық.

"Вакцинация 9 наурызда басталды. Осы аралықта 100-ге жуық жазасын өтеуші екпе салдырып, 60 адам вакцинадан бас тартты.

Вакциналау алғашқы болып Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде басталды. Бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) жеке құрамы вакцина қабылдады, қалған ҚАЖ департаменттерінде вакциналау кестеге сәйкес жүргізіледі", - делінген сайтты.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин халықты жаппай вакциналау бойынша тапсырма берген еді. 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда "Спутник V" бірінші компонентімен вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 69 095 болды. Екінші компонентпен егілгендердің жалпы саны - 18 807 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети