15 тамыз 2021 11:54

Қазақстанда Спорт күні атап өтіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 15 тамызда Спорт күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 15 тамызда Спорт күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі.

Мысалы, Елбасы бүгінге дейін тұрақты физикалық белсенді адам үлгісін көрсетіп келеді. Оның теннис кортындағы суреті Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді", - делінген жазбада.

Еске салайық, Токиода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан 8 қола медаль жеңіп алды. 2020 жылғы Олимпиада жүлдегерлері: боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, каратэші Дархан Есаділов, еркін күресші Нұрислам Санаев.

Ұлттық құраманың қоржынына соңғы медальді каратэші Софья Берульцева әкелді. 20 жастағы спортшы жартылай финалда Мысыр өкілі Ферьял Абделазизбен кездесіп, жеңіліп қалды. Есеп 5:4. Софья Берульцева ойындардың қола жүлдегері атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети