08 тамыз 2014 09:53

Қазақстанда тағы бір республикалық телеарна ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келер жылы Қазақстанда ұлттар мен ұлыс өкілдерінің әдет-ғұрпы мен бірлігін насихаттайтын республикалық жаңа телеарна ашылады. Этносаралық телеарна ашу идеясын Қазақстандағы татар-башқұрт қауымдастығының өкілдігі ұсынды, - деп жазады "Экспресс-К".


Келер жылы Қазақстанда ұлттар мен ұлыс өкілдерінің әдет-ғұрпы мен бірлігін насихаттайтын республикалық жаңа телеарна ашылады. Этносаралық телеарна ашу идеясын Қазақстандағы татар-башқұрт қауымдастығының өкілдігі ұсынды, - деп жазады "Экспресс-К".

Этномәдени бірлестіктерінің өкілдері біз бір-біріміз туралы тым аз білеміз, алайда әр ұлтта өзінің Абайы, өзінің Шоқан Уалихановы бары анық деп есептейді. "Ертеректе біз Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мен Арменияның телеарналарын көретінбіз. Сол уақыттарда өзге ұлттарды тануға мүмкіндігіміз бар еді. Және сол кезең өте қызықты өтті біз үшін, - деді Татар-башқұрт қауымдастығының атқарушы директоры Ринат Абдулхаликов. - Қазір кабельді пакеттегі BBC, CNN немесе Deutsche Welle секілді телеарнада көрсетілген хабарлар ғаламдық деңгейде болғандықтан, біз үшін ол мүлде түсініксіздеу болып тұр".

"Қазақстан көпұлтты мемлекет деп айтамыз. Ал эфирлерде сол түрлі ұлттар мен ұлыстар туралы көрсетіліп жатыр ма? Телеарна кестесінде иврит, украин, ұйғыр немесе неміс тіліндегі хабарлар бар ма? Сондықтан біз неге Қазақстандағы көпұлтты мәдениетті көрсететін мемлекеттік телеарна ашпаймыз. Әр ұлттың қазақ жерінде туған, өсіп-өнген өз тұлғалары бар. Бір ғана татарлардың ішінен Латиф Хамиди, Гайнан Курмашев секілді ұлы адамдар шыққан. Еліміздің әр түкпірінде махаббаттың үлгісі болып табылатын Дударайға ғашық болған өз Мария Рекинасы да бар", - деп ойын қорытты Абдулхаликов.

Басылымның мәліметінше, "Бірлік" телеарнасы келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында ашылатын болады. Бұл идеяны Ассамблеядағылар толықтай қолдап отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети