20 мамыр 2021 09:28

Қазақстанда тәжірибелі өртсөндірушілердің жалақысы қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметтерінің қатардағы және кіші басшы құрамының жалақысы 10 пайызға көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметтерінің қатардағы және кіші басшы құрамының жалақысы 10 пайызға көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Былтыр 31 желтоқсанда азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақыларын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін Үкіметтің қаулысы қабылданған болатын. 

"2021 жылы өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметтерінің қатардағы және кіші басшы құрамын (өртсөндіруші) жалақысын көтеріледі", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Мысалы былтыр азаматтық қорғау өрт сөндіру органдарының жалақысы 9-11 жыл тәжірибесі, "1-санатты маман" біліктілігі бар АҚО сержанты атағы болған жағдайда айына 141 604 теңге болған. Биыл сол шарт бойынша, 154 114 теңгеге көтеріледі. 

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ Қазақстанда өмірге қауіп төндіретін өртсөндірушілер қандай жалақы алатынын айтқан болатын. Өртсөндірушінің еңбек өтіліне, біліктілігінің және атағының болуына байланысты (бір жылға дейінгі өтілі бар азаматтық қорғау сержанты) орташа жалақысы 2020 жылы 99 000 теңге, 2021 жылы - 108 000 теңге болған. Ал өтілі бар өртсөндірушіде (20 жылдан астам өтілі бар азаматтық қорғау сержанты, "1-санатты маман-тәлімгер" біліктілігі бар) 2020 жылы - 160 000 теңге, 2021 жылы - 177 000 теңге болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети