25 қаңтар 2022 18:50

Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде 1500-ге жуық ғимарат пен құрылыс бүлінді - ІІМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото. Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото. Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеудің барысы туралы жаңартылған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеудің барысы туралы жаңартылған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында 1466 түрлі ғимараттар мен құрылыстарға, оның ішінде 71 мемлекеттік мекемеге, 12 әкімдік ғимаратына және 27 полиция нысанына шабуыл жасалды.

Бәрінен де бизнес нысандары зардап шекті. Зақымданумен қатар тоналған бизнес нысандардың саны 1395", - деді Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол жеті аңшылық дүкеннің тоналғанын, оның ішінде 1564 азаматтық қару ұрланғанын атап өтті.

"700-ден астам көлік қирап, бүлінген, оның 500-ден астамы полицияның, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, жедел жәрдем көліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметтік көліктері. 116 (шамамен тиесілі) бейбіт тұрғындарға тиесілі", - деді Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өндірісте жатқан қылмыстық істер бойынша алдын ала келтірілген залалдың жалпы сомасы 87 миллиард теңгеден асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети