17 тамыз 2020 | 10:37

Қазақстанда темекі қымбаттады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: iStock Фото: iStock

Қазақстанда темекі өнімдері орташа есеппен 12 пайызға өсіп, 484 теңгеге дейін қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда темекі өнімдері орташа есеппен 12 пайызға өсіп, 484 теңгеге дейін қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Energyprom.kz мониторинг агенттігі темекі ең жоғары және ең төмен бағамен сатылатын қалаларды атады.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 7,2 миллиард темекі, сигара, папирос және тағы басқа темекі өнімдері өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары екен. Жалпы Қазақстанда 84,7 миллиард теңгеге темекі өндірілген.

Ал 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 17,4 миллиард теңгеге темекі және тағы басқа темекі өнімдері шығарылған.

"Қазақстандық компаниялар 5 айда темекі мен папиросқа сұранысты (экспорт пен ішкі нарықтағы сатылым) 74,3 пайызға қамтамасыз етті. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 32,6 пайыз еді. Импорттың үлесі 25,7 пайыз. Бір жыл ішінде импорт көлемі 5,4 есе азайды.

Экспортқа 15,1 пайыз ресурстардың үлесі тиді немесе 1,1 миллиард темекі және басқа темекі өнімдері. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,8 пайызға аз", - делінген зерттеуде.

2020 жылдың шілдесінде Қазақстандағы сауда нүктелеріндегі темекінің бағасы бір қорап үшін 483,5 теңге болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуінше, елімізде ең қымбат темекі Ақтөбеде - 525 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары. Ал ең арзан темекіні алматылықтар сатып алады екен - 458 теңге. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer