07 қараша 2016 | 12:21

Қазақстанда терроризмге айдап салушыларды да өлім жазасына кесу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Piter.TV © Piter.TV

ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстанның Қылмыстық кодексіне террористік актілерді ұйымдастыру мен оған арандатушылық үшін өлім жазасын қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстанның Қылмыстық кодексіне террористік актілерді ұйымдастыру мен оған арандатушылық үшін өлім жазасын қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен терроризм үшін өлім жазасын қарастырылғанын дұрыс деп есептеймін, сонымен қатар, қылмыстық кодекске терроризмді ұйымдастыру мен оған арандатушылық үшін де өлім жазасын енгізуді ұсынатын едім. Бұл үшін өлім жазасын енгізу керек, өйткені жай ғана орындаушылар бар, ал олардың миын тұмандатып жіберген. Ұйымдастырушыларды ату керек. Сол кезде ғана тәртіп болады. Сіздер білесіздер, ғаламторда, барлық жерде адамдарды үгіттейтіндер бар. Адамдар отбасын тастап, қылмыс жасап жатыр. Сондықтан, осы жағынан заңымызды қатаңдату керек", - деді сенатор.

Сонымен бірге, депутат Ақтөбедегі террористік актіге қатыстылардың кейбірі неліктен қылмыс орнынан қашқаны туралы пікірін айтты. 

"Егер Ақтөбедегі жағдайды алсақ - олардың тоғызы қашып кетті. Олар өлімнен қорықпайтын болса, неге қашты, неге соңына дейін бармады, өздерін неге атып салмады? Әр адам үшін өмірі қымбат. Бұл бір сәттік ұмтылыс қана, әйтпесе ең қатыгез адам да өмір сүргісі келеді. Мен қорғаушы, судья, прокурор болдым, өлім жазасына кесілген адамдарды көрдім. Олар қатыгез қылмыскерлер, кәмелетке толмағандарды өлтіргенімен, өздері өмір сүргісі келеді", - деді Серік Ақылбай.

Соңында сенатор Қытай, АҚШ пен Сауд Арабиясындағы терроризм үшін өлім жазасына кесу тәжірибесін мысалға келтірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети