10 маусым 2016 14:58

Қазақстанда террорлық әрекеттерге қатысқандарды азаматтықтан айыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © egov.kz Иллюстрация. © egov.kz

Қазақстанда Ақтөбедегі терактіден кейін лаңкестік әрекеттерге қатысқандарды азаматтықтан айыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Ақтөбедегі терактіден кейін лаңкестік әрекеттерге қатысқандарды азаматтықтан айыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эксперт" клубының отырысы барысында журналистер еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинге өткен жылы ведомствоның басқа елдердегі лаңкестік әрекеттерге қатысқандарды азаматтығынан айыру тәжіребиесін бақылайтынын еске түсірді. Нәтижесінде Комитет Ақтөбедегі жағдайдан кейін халықаралық тәжірибені жүзеге асырды.

"Біз мемлекет басшылығына бұл ұсынысты жеткіздік, енді бұл ұсыныс бойынша шешім қабылданады - қолдай ма, жоқ па. Бірақ біз тиісті ұсынысты айттық", - деді комитеттің төрағасы Ғалым Шойкин.

Сонымен қатар, ол бұл норманың тек шетелде лаңкестік әрекеттер жасаған азаматтарға немесе барлық қазақстандыққа қатысты бола ма, болмай ма оны нақтыламады. Түптеп келгенде, бұл норма барлық қазақстандық лаңкеске қатысты болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети