09 желтоқсан 2021 11:29

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде цифрлық теңгені енгізу туралы шешім 2022 жылы қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде цифрлық теңгені енгізу туралы шешім 2022 жылы қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Досаев Үкімет отырысында 2021 жылы Ұлттық банк зерттеулерінің басты бағыты Орталық банктің бөлшек цифрлық валютасының аспектілері болғанын айтты.

"Цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталды, нарыққа қатысушылар және халықаралық ұйымдар бірлесіп бірқатар талқылау жүргізілді, пилоттық жобаның аралық нәтижелері Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде таныстырылды", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 15 желтоқсанында пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін пайда мен шығастарды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін әзірлейді. 2022 жылдың желтоқсанында цифрлық теңге енгізу қажет екені туралы қорытынды шешім шығарылады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети