04 желтоқсан 2015 13:44

Қазақстанда "Ұлы дала елі" жалпыұлттық бренді құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Ұлы дала елі" жалпыұлттық бренді құрылады, - деп хабарлайды Primeminister.kz сайты ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда "Ұлы дала елі" жалпыұлттық бренді құрылады, - деп хабарлайды Primeminister.kz сайты ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевқа сілтеме жасап.

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтының мәліметінше, Нұржан Әлтаев бұл туралы бірінші тауар өндірушілер форумында айтқан. "Бүгін форум нәтижесі бойынша ұлттық брендтің құрылатыны туралы хабарланады, ол "Ұлы дала елі" деп аталады", - деді Әлтаев.

Сонымен қатар, Әлтаев сәйкесінше таңбалауға жататын тауарлар реестрі жасақталатынын мәлімдеді. "Біріншіден, бұл таңба тауардың "Қазақстанда жасалғанын" көрсетеді. Осы мақсатта кәсіпорындардың аудитін өткіземіз. Екіншіден, бұл тауардың сапалы екенін, үшіншіден, ол тауарды Қазақстан халқы мойындағанын білдіреді. Біз бұл берндті барлық кәсіпорынға бере бермейміз,бренд атауы берілетін компаниялар санаулы болады, олардың ішінде "Эйр Астана", "Рахат" компаниялары бар", - деп толықтырды ол. Әлтаев "Ұлы дала елі" брендінің жыл сайын 4-5 кәсіпорынға ғана берілетінін айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети