03 желтоқсан 2024 | 14:39

Қазақстанда үш жәрдемақыны тағайындау процесі жеңілдетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әлеуметтік-еңбек саласындағы үш мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр.

"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы" бірлескен бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

"Ол үшін адами факторды алып тастауды және осы қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылады. Осылайша, оларды ұсыну бойынша операциялық процестер 7 жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады", - делінген хабарламада.

Жаңа тәсілмен көрсетілетін қызметтердің қатарына:

  • "Қазақстанның Еңбек Epi" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  • "Халық Қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  • "Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer