19 желтоқсан 2022 09:54

Қазақстанда үш өңірде жұмыртқа бағасы заңсыз көтерілгені анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа бағасы өскенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауда комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа бағасы өскенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин танымал және әлеуметтік өнімдерді сатудағы делдалдық схемаларға қатысты жүргізілген тексеру нәтижелерін қарады.

Сауда комитеті шот-фактураларды талдай келе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа заңда белгіленген 15 пайыздық үстемеден артық сатылғанын анықтаған.

Атап айтқанда, "Курочка ряба" ЖШС көтерме сатушысы қазан-қарашада екі құс фабрикасынан 25 миллионнан аса бірінші санаттағы жұмыртқа сатып алған, оның 6 миллионы 25-тен 27 пайызға дейін үстеме бағамен сатылған. Өңірлерде анықталған деректер бойынша барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге берілген.

"Заңнама шеңберінде жұмыс істеу керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке белгіленген сауда үстемесінен аспау керек. Әкімдіктердің назарын тағы да сауда үстемесін бұзу тәжірибесінің жолын кесу қажеттігіне аударамын", - деді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети