25 қараша 2014 18:49

Қазақстанда ұялы нөмірлерді тіркеу мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін міндетті тіркеу уақыты 10 күнге ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмғалиевке сілтеме жасап.


Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін міндетті тіркеу уақыты 10 күнге ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмғалиевке сілтеме жасап.

1 желтоқсанда қазақстандық ұялы байланыс операторларының тіркелмеген нөмірлерді бұғаттайтыны хабарланған еді. Депутаттар отырыс кезінде Жұмағалиевке "Бұл норма ұялы телефон нөмірлерін сатып алған қазақстандықтардың құқын бұзбай ма?" деген сұрақ қойды.    

"Ұялы байланыс операторлары мен нөмірлерді тіркеуге келсек, бұл - халықаралық тәжірибе, бұл барлық заңнамалық құжаттармен анықталған. Нөмір болса, оны тіркеу керек, бұл шара тұжырымдалып қойған, ұялы байланыс операторлары бұл мәселені реттеуі үшін уақыты ұзартылды. Жұмысымыздың аясында жасалған соңғы шешім бойынша шараның уақытын тағы да кейінге қалдыруды ұйғарып отырмыз, бірақ шексіз уақытқа дейін ұзартыла бермейтіні анық. Егер телефон болса, онда тіркеуде болуы керек екенін түсінуіміз керек. Бұл құқық қорғау органдарына қажет, жалпы оларға ғана емес, қоғамға және қауіпсіздік үшін қажет. Абоненттердің құқы бұзылмайды. Егер олардың нөмірі дұрыс тіркелген болса, онда олар ұялы байланыс қызметін пайдалана береді", - деді Жұмағалиев. Ол міндетті тіркеу уақытының 10 желтоқсанға дейін ұзартылғанын айтты.

Ол, сонымен қатар, Қазақстанда тіркелмеген нөмірлердің саны абоненттік базаның үш пайызынан аспайтынын айтты. "Осы үш пайыз қауіпсіздік үшін маңызды, сондықтан бұл шаралармен арнайы қызметтер айналысып жатыр", - деді ол.

Баспасөз қызметінің өкілдері тіркеу уақытының 10 күнге ұзартылуын дилердің жаңа абоненттердің мәліметтері мен келісімшарттарын 60 күн ішінде тапсыруға құқы бар екендігімен байланысты екенін айтты. "Кейбір операторлардың келісімшартында операторламен жұмыс жасайтын дилерлердің келісімшарттарды 60 күн ішінде тапсыруға құқықтары бар. Комитет нұсқауды 10 қарашада жіберді, дилер осы күннен бастап 60 күн ішінде келісімшартты өткізе алады. Адам тіркеуден өтіп, ал дилер келісімшартты әлі өткізбеген жағдай болмауы үшін, біз тағы да 10 күнге создық", - деді баспасөз өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети