21 қазан 2016 14:06

Қазақстанда үздік әлеуметтік қызметкер таңдалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ugranow.ru © ugranow.ru

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (ДСӘДМ) ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған "Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері" байқауының қатысушыларына дауыс беру ашық деп жариялайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дауыс беру байқаудың келесі номинациялары бойынша: "Үздік әлеуметтік қызметкер"; "Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері"; "Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері"; "Халықты жұмыспен қамту жүйесінің үздік қызметкері"; "Әлеуметтік саладағы  үздік менеджер-ұйымдастырушы"; "Үздік МӘМ"; "Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым" бойынша өтеді.  

Онлайн дауыс беру номинацияларына 2016 жылғы 5-15 қазан аралығында өткен аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысатын болады.

Әрбір қазақстандық азамат ҚР ДСӘДМ ресми интернет-ресурсының (www.mzsr.gov.kz) негізгі бетінде дауыс бере алады. Онлайн дауыс беру 2016 жылғы 24 қазан сағат 18:00-ге дейін өткізіледі.

Естеріңізге салайық, ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнінің қарсаңында "Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері" байқауын өткізуде. Сайыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау 2016 жылғы 28 қазанда Астана қаласында өтеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети