15 қаңтар 2021 | 10:32

Қазақстанда зейнетақы жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет пен Ұлттық Банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Оны іс жүзінде жүзеге асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететіні анық", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау қажет екенін айтты.

Айта кетейік, қазір Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Бұл отырыста Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. 

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.


Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.65   525.26   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети