21 қараша 2017 13:31

Қазақстанда еңбек кітапшасын алып тастау жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарға электрондық келісімшарттар арқылы қағаз түріндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуына болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарға электрондық келісімшарттар арқылы қағаз түріндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуына болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірыңғай электрондық еңбек биржасының негізінде жұмысшының профилі мен оның еңбек шарттарын енгізетін жүйе құрылады. Электрондық форматқа көшірілген еңбек шарттары қағаз түріндегі еңбек кітапшаларын алып тастауға мүмкіндік береді. Яғни, жұмысшының профилі онлайн тәртіпте жұмыс істейтін болады", - деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысы барысында.

Министрдің айтуынша, бұл жоба сынама ретінде әзірше еліміздің бір облысында ғана жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ол мүгедектікті анықтауға арналған онлайн жүйеге қатысты жоспаларды айтып берді.

"Мүгедекті анықтауға арналған өтініштер eGov жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады. Екіншіден, бұл жүйеде өтініш берушінің өзі келмей-ақ қойса болады. Келіп түскен өтініштерді сарапшылар қарайтын болады. Сондай-ақ, онда өтініш қалдырушының аты көрсетілмейді, дәрігер-сарапшылар кімнің өтінішін қарап жатқанын білмейді", - деді министр Тамара Дүйсенова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети