Қазақстандағы екінші АЭС-тің атауы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы екінші АЭС-тің атауы белгілі болды Midjourney арқылы жасалған

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты мәліметтерді бөлісті. Оның айтуынша, нысанды Балқаш маңында орналастыру туралы шешім қабылданып, жұмыс атауы да бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты мәліметтерді бөлісті. Оның айтуынша, нысанды Балқаш маңында орналастыру туралы шешім қабылданып, жұмыс атауы да бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәтқалиевтің сөзінше, қазіргі уақытта Балқаштағы үш алаң қарастырылып жатыр.

"Екінші станция бойынша шешім қабылданып қойған. Ол да Балқашта орналасады. Қазір үш алаң зерттеліп жатыр. Қарастыру қорытындысы бойынша нақты орналасатын жерін міндетті түрде хабарлаймыз", - деді агенттік басшысы бүгін Ақорда кулуарында.

Ол жобаның жұмыс атауы "Мойынқұм" АЭС екенін, ол станцияның болжамды орналасатын жеріне байланысты таңдалғанын нақтылады. Жаңа АЭС әрқайсының қуаты 1200 мегаватты құрайтын екі энергия блогынан тұрады деп күтіледі.

Сондай-ақ, агенттік басшысының айтуынша, технология жеткізушісін таңдау бойынша әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ол серіктес ретінде қытайлық China National Nuclear Corporation компаниясы қарастырылып жатқанын еске салды.

Еске сала кетейік: былтыр күзде Қазақстанда бірінші АЭС-тің атауы анықталған болатын. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысының нәтижесінде азаматтардан ең көп ұсыныс түскен "Балқаш" атом электр станциясы" атауы жеңімпаз деп танылды.

Бұған дейін 2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш атом электр станциясын (АЭС) іске қосу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Бұл ретте төртінші станцияны салу жобасын жүзеге асыру да қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 468.29   549.25   6.22 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер