20 сәуір 2024 14:15

Қазақстандағы жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда "Отау" жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгертілді. Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отбасы банк" мәліметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда "Отау" жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгертілді. Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отбасы банк" мәліметіне сілтеме жасап.

"Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты "Отау" бағдарламасына жолданған өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады. Өз клиенттерінің өтініштерін ескере отырып, Отбасы банк тексеру бағытын қайта құрып, оны егжей-тегжейіне жете қарайтындай етіп жасады", - делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болмауы туралы тармақ жүйемен автоматты түрде тексеріліп келген. Бұл мемлекеттік дерекқорлармен бірігу арқасында мүмкін болды.

"Бірақ бұл жағдайда олардан жылжымайтын мүліктің болуы туралы тек оң немесе теріс жауап қана келді. "Тұрғын үй" немесе "тұрғын үйге жатпайтын" жылжымайтын мүлік түрлері бойынша ақпарат жеке-жеке бөлінбеді. Сондықтан, көлікжай, қоймасы, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі бар көптеген қазақстандықтардың "Отау" бағдарламасына қатысу туралы өтінімдері қабылданбай кері қайтарылды", - делінген банк хабарламасында.

Енді олардың қайта өтінім жолдау мүмкіндігі бар.

"Бізге мысалы шалғайдағы ауылдағы шағын үйде басқа да көптеген отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй үлесі бар клиенттеріміз хабарласты. Олардан бөлек көлікжайы немесе тұрғын емес қосалқы үй-жайы бар клиенттеріміз бар. Әрине, бұл фактілер адамдарға баспана қажет емес дегенді білдірмейді. Біз азаматтардың барлық өтініштерін мұқият қарап, "Отау" бағдарламасы бойынша қабылданбаған өтініштерге талдау жасадық және қалыптасқан жағдай бойынша жеке шешім шығардық. Қазақстандықтардың жылжымайтын мүліктері туралы деректерді объективті түрде тексеру үшін автоматты тексеруге мамандарымыздың қолымен жасалатын тексерісті және қостық. Сондықтан меншігінде тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі бар біздің салымшылар "Отау" бағдарламасына қайта өтініш жолдай алады. Мұны 22 сәуірден 30 сәуірге дейін Баспана маркет порталында жасауға болады", - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін банк тізімді саралап, оны порталда жариялайды. Содан кейін үміткерлерге несиелік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні берілетіні айтылды. Клиентке несие беру мақұлдауса, баспана табуына тағы 6 ай уақыт беріледі.

Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы Баспана маркет порталында алғашқы нарықтағы тұрғын үйлерді таңдай алады (otbasybank.kz).

"Отау" бағдарламасының заем шарттары:

  • алғашқы жарна - 20 пайыздан бастап;
  • кредит бойынша мөлшерлеме - 9 пайыз (ЖТСМ 9,2 пайыздан 11,8 пайызға дейін);
  • несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети