24 желтоқсан 2018 16:26

Қазақстандағы жаңажылдық сыйлықтарда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері еліміздегі дүкендерде тексеріс жүргізіп, мерзімі өтіп кеткен кәмпиттерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері еліміздегі дүкендерде тексеріс жүргізіп, мерзімі өтіп кеткен кәмпиттерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қараша, желтоқсан айларында тексеріс жүргіздік, әсіресе, ораулы тұрған кәмпиттерді тексердік. Бірнеше өңірде мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер анықталды. Оларды сатылымнан алып тастадық", - деді Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Бірақ, оның айтуынша, қызметкерлерге ораулы тұрған кәмпиттерді тексеру қиынға соғады. Әрбір пакетті тексеру қажет болады екен.

"Тауар өтімділігі жоғары дүкендерді аралау керек, себебі онда тауар жайын білетін мамандар болады. Олар тауарларының маркасын, брендін біледі", - деді Бекшин. 

Сондай-ақ, бас дәрігер мамандардың тауарларды өздері тексеретінін айтып өтті. 

"Ол өнім талаптарға сай болмаса, прокуратура органдары жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Мұнымен қоса, тауар өндірушінің қызметі тоқтатылады. Мұндай жағдайлар барлық өңірде кездеседі, - деді Бекшин.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети