05 маусым 2022 16:43

Қазақстандағы референдум: дауыс бергендер саны артты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-дегі алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 60,80 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-дегі алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 60,80 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 миллион 127 мың 366 қазақстандық дауыс берді.

"Орталық референдум комиссиясының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, елорда уақыты бойынша сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 60,80 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", - деді Смағұлов.

Ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда облысында - 72,26 пайыз.

Еске салайық, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети