02 сәуір 2024 10:55

Қазақстандағы су тасқыны: үш облыста жағдай күрделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыздықовтың айтуынша, су тасқыны мәселесі тұрақты түрде күрделі жағдайда. Батыс облыстарда судың аздап азаюы, республиканың орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде, керісінше, өзен деңгейінің қарқынды көтерілуі байқалады.

"Су басу аймағында бес облыс бар, әкімдіктер 20 жергілікті төтенше жағдай жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталған. Министрлік күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, таратылды", - деді Сыздықов.

Вице-министрдің айтуынша, су тасқыны кезеңінде барлығы 15 786 адам эвакуацияланған, оның 6 187-сі балалар, зардап шеккендер жоқ. Уақытша орналастыру орталықтарында 4113 адам, оның ішінде 1911 бала бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети