05 қараша 2024 | 15:53

Қазақстандық әйелге инвестициямен айналысуға тыйым салынып, бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Астана сотында бірнеше рет алаяқтық жасап, қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана сотында бірнеше рет алаяқтық жасап, қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемде бірнеше рет алаяқтық жасағаны (ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2) тармағы), қаржы пирамидасын құрып және басқарғаны үшін айыпталған біреуіне (217-бап, 3-бөлігінің 2) тармағы), сондай-ақ оларды құруға жәрдемдескен екеуіне қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 28-бабы, 5-бөлігі – 217-бап, 3-бөлігінің 2) тармағы).

Сот мәліметінше, Х., іс жүзінде бірнеше ЖШС-нің басшысы бола тұра, 2020 жылғы шілдеден 2023 жылдың қазанына дейінгі аралықта құрылыс материалдарын жеткізіп беремін деген желеумен алдап, 11 компанияның жалпы сомасы 114 миллион теңгеден астам қаражатын жымқырған.

2021-2022 жылдары қаржы пирамидасын құру үшін үлес қосқан К. мен Т. ны қылмыстық топқа тартқан. Кәсіпкерлік қызметті имитациялау үшін Х. бірнеше ЖШС сатып алып, оларға жалған тұлғаларды директор етіп тағайындап, олардың атынан компанияның қызметі туралы ақпаратты таратып, инвестицияланған қаражаттан сыйақы алуға уәде берген.

Қаржы пирамидасының қызметі салымшылардың ақшасын қайта бөлу жолымен, яғни кейінірек салынған қаражатты бұрын ақша салғандарға беру арқылы қамтамасыз етілген. Х., 2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың мамырына дейін бақыланатын компаниялар арқылы 90-нан астам тұлғамен "несие", "инвестициялық" және "ақылы қызмет көрсету" шарттарын жасап, нәтижесінде азаматтардан жалпы сомасы 1 миллиард теңге ақша қаражатын алған.

"Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, сараптамалардың қорытындысы және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", - делінген хабарламада.

Сот шешімі

"Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде: Х. және К-ның кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, мүліктік зиянды өз еркімен өтеу шараларын қолдану және жас балалардың болуын; - Т.-ның жас балалардың болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ".

Кінәлі деп танылып, сот үкімімен:

  • Х.-ға ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен және 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;
  • Қ.-ға ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі –217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;
  • Т.-ға ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі –217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 6 жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети