07 ақпан 2024 17:48

Қазақстандық балаларға шамамен 700 миллион доллар аударылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша өңірлердегі балалар саны мен оларға есептелген қаражат туралы статистика жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.


"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша өңірлердегі балалар саны мен оларға есептелген қаражат туралы статистика жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ мәліметі бойынша, 695,5 миллион АҚШ доллары 6 919 131 балаға (қоса алғанда 01.01.2006 жылдан бастап 31.12.2023 жылға дейін туған балаларға) есептелген. Оның 30,6 миллион АҚШ долларынан астамы бағдарламаның 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 қатысушысының (қоса алғанда 01.01.2006 жылы бастап 31.12.2006 жылы туған балалар) нысаналы жинақтау шоттарына есептелген.

enpf.kz

"Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерден нысаналы талаптарға қатысушы балалардың ең көп саны (922 841 балаға 92 763 977,32 АҚШ доллары есептелген) Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оның ішінде 18 жасқа биыл олатын 41 968 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 4 218 623,36 АҚШ доллары есептелген", - делінген хабарламада.

Балалар саны бойынша екінші орында - Алматы қаласы (666 443 балаға 66 990 850,36 АҚШ доллары есептелген), оның ішінде 18 жасқа биыл толатын 26 621 нысаналы жинақ алушының нысаналы жинақтау шоттарына 2 675 942,92 АҚШ доллары есептелген.

Үшінші орында - Алматы облысы (608 711 балаға 61 187 629,72 АҚШ доллары есептелген). Оның ішінде 18 жасқа биыл толатын 26 802 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 2 694 137,04 АҚШ доллары есептелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети