31 мамыр 2022 17:08

Қазақстандық боксшылар Аманқұл мен Жүсіпов АҚШ-та кездесу өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Майлыбаев© Данияр Майлыбаев©

Қазақстандық боксшылар Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Бек Нұрмағанбет және Евгений Павлов 4 маусым күні Миннеаполис (Миннесота штаты, АҚШ) қаласында өтетін бокс кешінің андеркардында өнер көрсетеді. Бұл туралы Suleimen Promotions компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл боксшылар Tom Brown (TGB Promotions) ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында шаршы алаңға шығады. Ал осы кештің басты айқасында америкалық Стивен Фултон мен Даниэль Роман екінші жеңіл салмақта WBC және WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, Аманқұл 2017 әлем чемпионатының, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Жүсіпов болса үш мәрте (2017, 2018, 2021) әлем чемпионатында қола жүлде жеңген. Нұрмағанбет 2019 жылы Азия чемпионы атанса, Павлов осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста өнер көрсеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети