Қазақстандық болуды армандаймын - ресейлік блогер "Алга Петербург"

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алғыс алған ресейлік блогер Иван Червинский Ресей төлқұжатынан бас тартып, Қазақстанға көшуге дайын. Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы кулуарында журналистерге айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алғыс алған ресейлік блогер Иван Червинский Ресей төлқұжатынан бас тартып, Қазақстанға көшуге дайын. Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы кулуарында журналистерге айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Червинскийдің айтуынша, ол бірнеше жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы әсерінен елімізге қызығушылық танытқан. Содан бері Иван әлеуметтік желідегі көптеген оқырманына Димаш феномені, Қазақстанның мәдениеті, еліміздің басқа да таланттары және т.б. туралы айтып келеді. Сонымен қатар, блогер өзін қазақпын деп санайды және көшуді армандайды.

"Менің жаным қазақ сияқты. Қазақстаннан шыққан ата-бабаларым болған шығар. Әкем украин, шешем орыс. Мүмкін, түбімде түркі тамыры бар шығар, - деп сұраймын. Анам бар дейді", - деді Иван журналистерге.

Червинскийдің айтуынша, біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан, ол ресейлік төлқұжатынан бас тарту туралы шындап ойланып жүр.

"Мен Қазақстанның толыққанды азаматы болуды армандаймын. Бірақ дәл қазір мұны істеу туралы ойлап, Қазақстанда бес жыл тұру керек екенін білдім (азаматтық алу үшін. - еск.). Бірақ менің ойымша, егер қазақ болғың келсе, бес жыл мәселе емес", - деді ол.

Еске салайық, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясынан кейін Мемлекет басшысы бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапаттарды тапсырған болатын. Тоқаев басқалардың қатарында белгілі блогер "Алға Петербургті" де атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer