14 шілде 2014 20:52

Қазақстандық компания жеті Superjet 100 ұшағын сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sukhoi Superjet 100 ұшағы. ©Wikipedia.org Sukhoi Superjet 100 ұшағы. ©Wikipedia.org

Қазақстандық BEK AIR әуе компаниясы "Гражданские самолеты Сухого" ЖАҚ-мен жеті Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағын жеткізу жөнінде келісімге қол қойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жабық акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлыбританияның Фарнборо қаласындағы халықаралық әуесалонында қол қойылған келісім 103 жолаушыға арналған, қашықтығы ұзартылған ұшақтарды жеткізуді қарастырады. Үш әуе көлігі 2015 жылы және 2016 жылы тағы төрт ұшақ сатып алынбақ.

BEK AIR әуе компаниясы 1999 жылы VIP-рейстер орындау мақсатымен құрылған. Бүгінде әуетасымалдаушы ішкі 14 бағыт бойынша рейстерді орындайды, жылына 500 мың жолаушыға дейін тасымалдайды. Компания келешекте бағыттарының желісін кеңейтуді, Ресейге, Азия мен Таяу Шығыс елдеріне әуе қатынастарын ашуды жоспарлап отыр.

Sukhoi Superjet 100 - 100 орындық жолаушылар ұшағының жаңа буыны, оны "Гражданские самолеты Сухого" ЖАҚ бірнеше шетелдік компанияның қатысуымен өндірген. Лайнер алғаш рет 2008 жылдың мамыр айында ұшырылды. SSJ100 алғашқы сериялық ұшағы 2011 жылы пайдалануға берілді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети