28 шілде 2020 17:57

Қазақстандық курорттардың жұмысына шектеу енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің басшысы Дастан Рыспеков қазақстандық қонақ үйлер мен жағажайлардың жұмысы бойынша енгізілген шектеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің басшысы Дастан Рыспеков қазақстандық қонақ үйлер мен жағажайлардың жұмысы бойынша енгізілген шектеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қонақ үйлер бойынша шектеу - адам саны 50 пайыздан аспауы керек. Саяжайлар бойынша келесідей жоспар жасалып жатыр: жағажайдың төрт шаршы метріне, жалпы алғанда, бір адамнан артық жиналуға болмайды. 

Бассейн бойынша, адам жиналатын орынға қатысты талап қойылады: жүзушілер саны 30-дан көп боламауы керек", - деді Рыспеков ОКҚ брифингінде. 

Дастан Рыспеков Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында, сондай-ақ Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан курорттық аймақтар бойынша келесідей келісілген шешімдерге қол жеткізілгенін айтты: тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметімен берілген тиісті дайындық актілері бар, орналастыру орындарында алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. 

"Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасының болған жағдайда, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады", - дейді Рыспеков. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети