20 ақпан 2023 08:55

Қазақстандық құтқарушылардың тағы бір тобы Түркиядан оралды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанаға Түркиядан құтқарушылардың екінші эшелоны оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанаға Түркиядан құтқарушылардың екінші эшелоны оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға атсалысқан қазақстандық құтқарушылардың тағы бір тобы елге аман-есен оралды. Ил-76 әскери-көлік ұшағы бүгін түнде Түркияның Газиантеп қаласынан ұшып, елордадағы халықаралық әуежайға қонды.

Ұшу жолағында құтқарушыларды туыстары мен әріптестері күтіп алды.

Құтқарушыларымызды Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин мен Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи қарсы алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын. Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети