27 желтоқсан 2021 17:18

Қазақстандық мемқызметкерлерге такси қызметін көрсетуге рұқсат етіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Илюстрациялық фото

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова заңға мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан бос уақытында қосымша табыс табуға рұқсат етілетін түзетулер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова заңға мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан бос уақытында қосымша табыс табуға рұқсат етілетін түзетулер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингі барысында журналистер Жайылғановадан мемлекеттік қызметшілерге негізгі жұмысынан басқа қосымша табыс табу мүмкіндігі туралы сұрады.

"Қазіргі уақытта заңнамада мұндай норма жоқ, бірақ болашақта ондай норманы енгізуді көздейміз. Түзетулерді әзірлеп жатырмыз", - деді агенттік басшысы.

Реклама
Реклама

Анар Жайылғанова бұл шенеуніктерге бизнеспен айналысу мүмкіндігін беру емес екенін түсіндірді.

"Кәсіпкерлік емес. Бұл қосымша жұмыс туралы. Мысалы, бос уақытында такси жүргізушісі болып жұмыс істей алады. Сонымен қатар, егер отбасын асырау үшін қосымша қаржы қажет болса, табыс таба алады. Қазір түзетулер дайындалып жатыр. Бұл әлі қабылданбаған норма. Кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады", - деді ол.

Бұған дейін Қарағанды облысында заңнамалық тыйымға қарамастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған болатын. Олар ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, айыппұл салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram