06 қыркүйек 2020 14:30

Қазақстандық оқушыларға инклюзив білім не үшін қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сапалы білім бәріне арналған ба? Инклюзив білім деген не, оның құндылығы неде және қазақстандық мектептер мұндай оқу форматына дайын ба? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры, PHD доктоp Жұлдыз Сүлейменова түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Жаңа шығарылымды бүгін, 6 қыркүйек сағат 20:00-де Tengri TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Инклюзив білім деген не?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Жұлдыз Сүлейменованың білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар. 2019 жылдан бері Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры.

Еліміздің және шетел басылымдарындағы 45 жарияланымның авторы. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталған.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети