Қазақстандық Руслан Әбдіразақов "Әлем барысының" бірінші айналымында қарсыласын жеңді

25 Қазан 2014, 15:20
0
Қазақстандық Руслан Әбдіразақов "Әлем барысының" бірінші айналымында қарсыласын жеңді -

 2014 жылғы "Қазақстан барысының" қола жүлдегері Руслан Әбдіразақов "Әлем барысында" екінші айналымға өтуге мүмкіндік алды, -деп хабарлайды Vesti.kz.

Палуандардың күресі Павлодарда өтіп жатыр.


Руслан Әбдразақов Камеруннан келген 160 келілік Аспа Анже Филиппе Котчамен кездесіп қарсыласынан озық түсті.


Кеше дебюттік кездесуде  Австралиядан келген Осчуан Джейсон Безуиденхоут пен даниялық Томас Йоханссон белдескен болатын. 18 секундқа ұласқан белдесуде Даниядан келген спортшы жеңіске жетті.
Сондай-ақ турнир барысында үндістандық Парвин Кумар мен аргентикалық
Максима Низзола Роберто кездесті. Бұл кездесулерде таза жеңіспен Оңтүстік Американың спортшысы жеңіске жеткен болатын.


Еске салайық, "Әлем барысы" турнирінің ашылуы бүгін 25 қазан күні Павлодардағы "Астана" сарайында болды. Турнирдің сыйақы қоры 150 мың доллар. "Әлем барысына" биылғы жылы 90 келіден жоғары салмақтағы спортшылар қатысуда. Олардың ішінде дзюдодан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Бернардус Герардус Даниел Миусен, әлем кубогының иегері Давааням Алтангерел бар. Қазақстанның төрт белгілі палуаны да бақ сынауда. Олар "Қазақстан Барысында" белдескен Руслан Әбдіразақов, Асыл Бәрменов, Бейбіт Ыстыбаев және Айбек Нұғымаров.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай