29 мамыр 2015 09:18

Қазақстандық сарбаз Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мod.gov.kz © Мod.gov.kz

43386 әскери бөлімінің командирі, кіші сержант Ержан Әбілмансұров Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство сайтының мәліметінше, сарбаз турникте екі қолына жаттығу жасаудан әлемдік рекордты жаңартпақ. Ол 1 сағат 40 минутта 400 рет, яғни минутына 25 рет тартыла алады. 

Бұл қазақстандық әскерилердің физикалық дайындықтарының міндетті көрсеткіші екен. Турникте екі қолмен дененің жартысына дейін көтерілу керек. Сондықтан да бұл турникке жай тартылудан әлдеқайда қиын және физикалық дайындықты, күшті қажет етеді.

Жаттығудың бұл түрінен қазір әлемдік рекорд жасаушы белорус Максим Трухановец. Ол турникке минутына 21 рет тартыла алады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети