Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандық сиқыршының есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді

08 Қаңтар 2016, 09:30
0
Руслан Иванченков. © Facebook.com
Руслан Иванченков. © Facebook.com

Қазақстандық сиқыршының есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды 24.kz

Руслан Иванченков (лақап аты - Манкарди) фокусты ғаламтор арқылы үйреніп, өздігімен шеберлігін шыңдаған. Таяуда ол Италияда бірнеше сағат бойы үздіксіз сиқыр көрсеткені үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.

"2015 жылы қазақстандық бір топ сиқыршы Италиядағы сиқыршылардың чемпионатын тамашалауға бардық. Бір орында тапжылмай, рекорд орнатуға іріктеу болып жатыр екен. Мен тәуекел етіп, бел будым. 5 сағат бойына үзіліссіз өнер көрсеттім. Осылайша ойда жоқта Гиннестің рекордтар кітабына кірдім", - деді Руслан Иванченков.

Қазақстанда бірнеше жыл бұрын құрылған фокусшылар клубының әзірге 36 мүшесі бар. "Әр сиқыршы фокустың сырын ешқашан ашпауға өз-өзіне серт береді. Бұл - күн сайын талмай еңбектенуді талап ететін сала. Бізді қаржыландыратын ешкім жоқ. Өз күшімізбен күн көріп келеміз", - дейді Руслан. Оның негізгі жұмысы ғарышпен байланысты. Ол - инженер. Дегенмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қос саланы қатар тізгіндепті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай