16 наурыз 2023 15:55

Қазақстандық сотталушыларға жәрдемақы төленетін болады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Сенатта қабылданған Әлеуметтік кодексте қазақстандық сотталушылар үшін 2023 жылы 1,61 күнкөріс деңгейі немесе 65 313 ​​теңге көлемінде ай сайынғы жәрдемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Ләззат Қалтаеваның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасаған сотталушылар мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш бере алады.

"Жәрдемақы мөлшері 1,61 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды (2023 жылы 65 мың 313 теңге.). Бүгінгі күні 54 бірінші топтағы мүгедек сотталушы түрмеде отыр", - деді сенатор.

Қозғалу мүмкіндігі шектеулі бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін жеке көмекшілер міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

"Бұл норма бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді", - деп қосты Қалтаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети