12 наурыз 2020 13:21

Қазақстандық студенттер 15 наурыздан онлайн оқуға көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

15 наурыздан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындары онлайн оқуға көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


15 наурыздан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындары онлайн оқуға көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Колледждер мен ЖОО-лар онлайн оқуға көшеді. Көптеген оқу орнының қашықтықта оқу бойынша тәірибесі бар. Сондықтан ол жағынан мәселе туындамайды. Classroom, Google секілді платформалар бар", - дейді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Одан бөлек, қоғамдық көліктерде, адам көп жиналатын жерлерде міндетті дезинфекция жүргізіледі.

"Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Құрметті қазақстандықтар, тек ресми дереккөздердің мәліметіне сенуді және дүрбелең туғызбай, денсаулық сақтаудың алдын алу шараларын ұстануды сұраймыз", - деді Тоғжанов.

Мұның алдында Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Еске салайық, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети