25 желтоқсан 2015 16:58

Қазақстандық телеарналар Жаңа жылда не көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Көптен бері күтетін мерекелердің бірі жақындап келеді, қазақстандықтардың көпшілігі дәстүр бойынша оны теледидар алдында қарсы алады. Tengrinews.kz редакциясы мереке қарсаңында сүйікті телебағдарламаларды өткізіп алмау үшін Жаңа жылда көрермен назарына ұсынылатын мерекелік бағдарламаларды тізбектеді.


Көптен бері күтетін мерекелердің бірі жақындап келеді, қазақстандықтардың көпшілігі дәстүр бойынша оны теледидар алдында қарсы алады. Tengrinews.kz редакциясы мереке қарсаңында сүйікті телебағдарламаларды өткізіп алмау үшін Жаңа жылда көрермен назарына ұсынылатын мерекелік бағдарламаларды тізбектеді.

"Қазақстан" 

"Қазақстан" ұлттық телеарнасы Жаңа жыл қарсаңында мерекелік телебағдарлама әзірледі, ол 31 желтоқсан күні таңертең сағат 07.00-ден бастап "Таңшолпан" бағдарламасымен эфирге шығады. Бағдарламаға қонақ ретінде 2015 жылы түрлі салада жеңімпаз атанғандар, эстрада және спорт жұлдыздары қатысады. Телеарна мереке күні үзіліссіз кімдердің жұмыс істейтінін айтады. Көрермендер теміржол қызметкерлерімен, 118 анықтамалық қызметінің мамандарымен, автобус кондукторларымен және өзгелермен таныса алады.

Авторлық бағдарламалардан өзге, сағат 16.05-те Тұрсынбек Қабатовтың мерекелік "Әзіл әлемі" бағдарламасы көрсетіледі. Сағат 20.45-те жаңажылдық "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" бағдарламасы басталып, әдеттегідей 30 минут емес ұзақтығы 1 сағатқа жалғасады. Студияға жас актер Тәуекел Мүсілім мен "Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева қонаққа келеді, ал бағдарламаның жүргізушісі олардың бала кезгі армандарын орындайды. Мерекелік кешті сағат 22.00-де "Төрлет Жаңа жыл" бағдарламасы ашады, ол Астананың әуежайындағы түсірілімнен басталады. Эстрада жұлдыздары арнайы "терминалдан" өтіп, басты мерекеге келеді.


Тұрсынбек Қабатов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаровты елорда әуежайында қарсы алып тұр.

"Хабар"

"Хабар" телеарнасы мерекелік шығарылымды 30 желтоқсанда бастайды. Сағат 21.30-да "Ұлттық Олимпиада комитеті сыйлығын" табыс ету шарасы көрсетіледі. Екі сағат бойы көрермендер спорт жұлдыздарының сыйлықты қалай алғандарын көріп қана қоймай, сахна сыртында не болып жатқанын тамашалай алады. Шараны Нұртас Адамбаев жүргізеді.


Ермахан Ыбрайымов Серік Сәпиевке сыйлықты табыс етеді.

31 желтоқсан күні кешке телеарна өз көрермендеріне жаңажылдық мюзиклді ұсынады. Сағат 19.00-де - "Сыйлық" және "Пазлы счастья" бағдарламалары эфирге шығады. Картинада Динара Бақтыбаева, Тәуекел Мүсілімов, Нұрлан Әлімжанов, Әсел Ақбарова, Шер Әли, Қымбат Хангелдина және өзгелер ойнайды. Фильмнің музыкалық бөліміне қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Бүркіт, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Жанар Дұғалова, "Орда" тобы және тағы да басқалар қатысады.


Серік Ибрагимов "Сыйлық" мюзикліндегі даяшы ролінде.

КТК

КТК телеарнасы Жаңа жыл қарсаңында "Шымкент шоу" театрының мерекелік концертін назарға ұсынады, бұл ұжымға 10 жыл болды. Кеш сағат 16.00-ден бастап көрсетіледі, ал 20.20-да Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған "Батыр Lives" концерті басталады және ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауына дейін жалғасады. Ал 1 қаңтар күні сағат 18.40-та Қайрат Нұртастың "Мен ғашықпын" атты кеші басталады. Кеш қонақтары - Тимати, Нюша, Индира Елемес, Сергей Лазарев және "Рефлекс".

"31 арна"

"31 арна" сағат 10.00-ден бастап жаңажылдық "Адельмен бірге ас әзірлейміз" жобасын назарға ұсынады. Арнайы шығарылымда жүргізуші жаңажылдық аспаздық тосын сыйларды көрсетеді. Сағат 20.00-де "Дом весы 2" жобасының финалдық шығарылымы ұсынылады. Жаңа жыл кешінде көрермендер бұл шоудың жеңімпазын біле алады. Финалистерді Айжан Нұрмағанбетова, Диана Шарапова және "91" тобы құттықтайды.

Сағат 22.00-де жаңажылдық "Бурабай Әзіл-Фест" - "31 әзіл" фестивалі басталады. Оған қатысушылардың арасында Айдана Меденова, Бейбіт Күшқалиев, Айқын, Аша Матай, Кентал, Серік Ибрагимов, Луина, Төрәлі, Мадина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков, Ақылбек Жеменей және тағы да басқалар бар.

"Астана"

Биыл "Астана" телеарнасында мерекелік кеш "Жап-жаңа жыл-2016. Эволюция" деп ерекше аталып, оған еліміздің жұлдыздары қатысады. Концерт шеңберінде жүргізуші Баян Есентаева "Қалай супер жұлдыз болуға болады" деген тақырыпта шеберлік сабағын өткізеді. Ал Нұрдәулет Шертім режиссердің ролінде ойнап, белгілі "Той жыры" бағдарламасының голливудтық нұсқасын түсіреді. Басты рольде, күйеу жігіт - Әли Оқапов. Қазақтың үйлену тойын қалай түсірді? Жауабын 31 желтоқсанда біле аласыздар.

"Жетінші арна"

31 желтоқсан күні кешке "Жетінші арна" көрермендерін Жасын Қанбаев "Айна online" бағдарламасында күтеді. Бағдарламада қызықты жаңажылдық видеороликтер көрсетіледі. Одан кейін "Шай iшейк" бағдарламасымен Нұриддин Бидосов эфирге шығады. Сонымен қатар, 48 сағат бойы түрлі концерттер мен бағдарламалар көрерменге жол тартады.

"Еуразия"

"Еуразия" телеарнасында мерекелік кеш сағат 22.35-тен "Бірінші арнадағы Жаңа жыл түні" концерттік бағдарламасымен басталады және төрт сағаттан артық уақыт бойы болады. Сонымен қатар, көрермендер Жаңа жылға арналған кеңестік комедияларды тамашалай алады.

СТВ телеарнасы

СТВ телеарнасының мерекелік кешінде "Жұлдызды әуендер" концерті ұсынылады, ол 31 желтоқсанда сағат 23.00-де басталады. Бағдарламаның басталуына жарты сағат қалғанда көрермендер қазақстандық эстрада жұлдыздарының құттықтауын көре алады. Ал келесі күні сағат 21.00-де "Жұлдыз FM-мен бір жыл бірге" бағдарламасы басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети