12 маусым 2017 17:09

Қазақстандық тележобалар Қытай телеарналарында көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" РТРК АҚ және Hunan телерадиокорпорациясы 2017 жылдың 9 маусымында телевизия саласында ынтымақтастық пен өзара келісім орнату туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап. 


"Қазақстан" РТРК АҚ және Hunan телерадиокорпорациясы 2017 жылдың 9 маусымында телевизия саласында ынтымақтастық пен өзара келісім орнату туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап. 

Hunan Television Қытайдағы көрсетілімі ең жоғарғы телеарналардың арасында екінші орында тұр. Қытай Халық Республикасының үлкен бөлігін ғана қамтып қоймай, Гонконг, Макао сияқты арнайы әкімшілік аудандар мен Тайвань аралына да таратылады.

Сонымен қатар, "Қазақстан" РТРК АҚ бағдарламалары мен жобалары Mango TV интернет арнасында көрсетіледі деп жоспарлануда. Айта кетсек, Mango TV өз көрермендеріне контенттің барлық жанрын ұсынады. Олардың ішінде түрлі фильмдер, телехикаялар, музыка, мультфильмдер және ойын-сауық бағдарламалар мен қатар Hunan телерадиокорпорациясы мен Hunan Satellite TV-дің авторлық бағдарламалары да көрсетіледі. 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда, Mango TV интернет арнасына 39 миллионнан астам белсенді қолданушы тіркелген.
Екі корпорация арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа музыкалық жобаны бірлесіп шығару жоспарланып отыр. Маусым айынан бастап, техникалық-ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қызмет топтары мен шығармашылық ұжымның құрамындағы продюсерлер, режиссерлер, операторлар өз жұмысына кірісетін болады.

Hunan теле-радио хабарларын тарату Корпорациясының Президенті Люй Хуаньбин "Музыка мен телеарна екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтады" деді.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап, жыл сайынғы Халықаралық Taklimakan Rally» жол талғамайтын мотоциклдер жарысының түсірілімі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге аспақ.

2005 жылдан бастап "Taklimakan Rally" Қытайдағы ең беделді мотоциклдер жарысы болып саналады және 2012 жылы Халықаралық автомотоспорт федерациясының статусын алған. Бұл жоба қазақстандық контентті Қытай еліне кеңінен шығаруды және туризмді дамытуды көздейді.

"Аталған келісімдер отандық контентті шетелдік телевизиялық нарыққа шығару үшін бағытталған. Hunan TV телеарнасымен орнатылған ынтымақтастық "Қазақстан" РТРК АҚ аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді Корпорация басқармасының төрағасы Ерлан Қарин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети