25 қаңтар 2024 14:31

Қазақстандық үш мың теңге қарызына бола банкрот болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық банк алдындағы 2 978 теңге қарызына байланысты банкрот деп танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бірінші несие бюросының басшысы Руслан Омаров айтты.


Қазақстандық банк алдындағы 2 978 теңге қарызына байланысты банкрот деп танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бірінші несие бюросының басшысы Руслан Омаров айтты.

Жалпы, бюро мәліметінше, 2023 жылы 77 мың қазақстандық банкроттыққа өтінім берген. Оның ішінде 62 мың қарыз алушының өтінімінен бас тартылған. 8,3 мың өтініш беруші банкрот деп танылды.

Бұл ретте, жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша ең жоғары берешегі 920,6 миллион теңге болды.

Омаров банкрот деп танудың қазақстандықтар үшін қандай салдары барын еске салды.

"Банкроттық - бұл панацея емес. Адамдар банкроттық салдарын түсінуі керек. Яғни, 3 мың теңге қарызы үшін бес жыл ішінде қарыз алмау және МКК тарапынан тұрақты бақылауға және басқа да шектеулерге келісіп, қол қояды. Бұл бірегей жағдай, яғни 2 978 теңге сомасы бар бір адам банкроттыққа арыз берген", - деп түсіндірді Омаров.

"Тәжірибе көрсеткендей және мемлекеттік органдардың өзі мойындап отырғандай, банкроттық рәсімін бұлай жүзеге асыру толығымен тиімді емес. Сондай-ақ, банкроттық рәсімін жеңілдету жоспарланып жатыр. Бірақ бұл қаншалықты деңгейде екенін әлі білмейміз. Яғни, қазір бұл тақырыпта талқылаулар жүріп жатыр", - деп қосты Омаров.

Айта кетейік, Қазақстанда жеке тұлғаларды соттан тыс банкрот деп тану туралы өтініштерді қабылдау 2023 жылдың наурызында басталған.

Бюро талдау орталығы мәліметінше, қарыздың орташа сомасы шамамен 962 мың теңге, орташа сомасы шамамен 1,6 миллион теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети