24 тамыз 2023 14:40

Қазақстандық зейнеткерлердің жеке деректері ашық жарияланып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pexels.com Сурет: pexels.com

Павлодарлық зейнеткерлердің жеке деректері ашық жарияланып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық зейнеткерлердің жеке деректері ашық жарияланып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық қарттардың жеке деректері екі жыл бойы Мемлекеттің сатып алулар сайтына шығарылып отырған. Зейнеткерлердің тегі, аты-жөні және ЖСН-і орындалған жұмыстардың актілерінде жарияланған.
Павлодар облыстық прокуратурасының қызметкерлері зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету сапасын талдау барысында өрескел құқықбұзушылықты анықтады.

"Былтыр және биыл орындалған жұмыстардың актісінде 1100 зейнеткердің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і, тіпті кейбірінде туған күндері көрсетілген. Бұл актілер мемлекеттік сатып алу порталына жүктелген, бұл азаматтардың құпиялық құқығының бұзылуы", - деп хабарлады прокуратура.

Қадағалау органы көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартқа сәйкес келмегеніне қарамастан, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы құқықбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамағанын атап өтті. Бұл жағдай Павлодар маңындағы зейнеткерлерді сауықтыру демалыс үйлерінің бірінде болған.

"Бұл қызметті былтыр павлодарлық ЖШС, биыл - жергілікті мүгедектер қоғамы атқарған, олардың басшысы бір. Екі мекемемен де бір шарт жасалған", - деп хабарлады қадағалау органы.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында 1600 зейнеткерге әлеуметтік қызмет көрстеу үшін 242,5 миллион теңге бөлінген. Қарт павлодарлықтардың жартысынан астамының жеке деректері әлі де мемлекеттік сатып алу порталында қалып отыр.

"Қарттардың тегі мен ЖСН-і екі апталық сауығудан өткенін растау үшін жарияланды. Былтырғы мәліметтер мемлекеттік сатып алу порталынан жойылды. Биылғы азаматтардың деректері әлі жойылған жоқ, өйткені бізде қосымша келісімшарт бар. Жеке деректерді жою үшін портал әзірлеушісіне хат жолдадық", - деп түсіндірді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Әлия Рахимова.

Сонымен қатар, Павлодар облысының прокурорлары қызмет көрсетушілердің алғашқы медициналық-санитарлық, дәрігерге дейінгі, травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуге лицензиясы жоқ екенін анықтады. Демалыс үйінде келісім бойынша міндетті шарттың бірі, бассейн жұмыс істемейді.

"Әлеуметтік қызмет көрсетушілер тиісті рұқсатсыз медициналық қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты талап-арыз жұмысы басталды", - деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасы Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы мен лауазымды адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети