09 маусым 2021 16:04

Қазақстандықтар 10 маусымда күннің тұтылуын көре алады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қазақстандықтар 10 маусымда сирек кездесетін күннің тұтылуын көре алады. Бұл туралы В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғалымдары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар 10 маусымда сирек кездесетін күннің тұтылуын көре алады. Бұл туралы В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғалымдары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астрономдар жер тұрғындары сақина тәрізді күн құбылысын байқай алатынын айтты. Олар бұл құбылыс планетаның солтүстік аймақтарында жақсы көрінетінін есептеді.

"Мұндай қараңғылық өте сирек кездеседі. Оны күннің екінші жартысында көре аласыз. Тұтылу жолағы Солтүстік Америка, Мұзды мұхит және Чукотка арқылы өтеді", - деді В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова.

Күннің тұтылуы Қазақстанның барлық дерлік аумағында көрінеді, сарапшы әсіресе солтүстікте жақсы байқалатынын айтты. 

"Нұр-Сұлтанда тұтылу 17 сағат 44 минутта басталып, 18 сағат 10 минутта максимумға жетеді және 19 сағат 2 минутта аяқталады. Мұнда күннің 30 пайызы жабылады. Яғни астаналықтар құбылысты жақсы көре алады.

Алматыда ол 17 сағат 43 минутта басталады, 18 сағат 26 минутта максимумға жетеді және 19 сағат 5 минутта аяқталады. Мұнда күннің 18 пайызы жабылады.

Павлодар, Петропавл, Өскеменде және Семейде күн 37 пайызға тұтылады", - деді Любовь Шестакова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети