02 маусым 2016 16:06

Қазақстандықтар БАӘ, Испания және Тайландта виллалары мен пәтерлерін жекешелендіріп жатыр - Қаржы министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© skyview.kz © skyview.kz

Қазақстандықтардың Біріккен Араб Әмірліктерінде, Испанияда және Тайландта жекешелендіріп жатқан мүліктерінің қатарында виллалар мен пәтерлер, үйлер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтардың Біріккен Араб Әмірліктерінде, Испанияда және Тайландта жекешелендіріп жатқан мүліктерінің қатарында виллалар мен пәтерлер, үйлер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекешелендіру бизнес субъектілеріне әлеуметтік мәні бар нысандарды, балабақшаларды, тамақтандыру нысандарын жекешелендіруге мүмкіндік берді, теміржол тұйықтарын, жатақханаларды және өндірістік цехтарды жекешелендірген деректер бар. Мұның барлығы салық салу базасының өсуіне және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді. Ал егер Қазақстанның шекарасынан тыс жердегі жекешелендірулер жайлы айтсақ, негізінде оған Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Испаниядағы, Венгриядағы, Тайландтағы, Ресейдегі, Өзбекстандағы, Қытайдағы және Түркиядағы тұрғын үй қорлары, виллалар, пәтерлер, үйлер кіреді. Мұнымен қатар, Ресейде, Өзбекстанда, Ұлыбританияда коммерциялық нысандар, оның ішінде сауда үйлері цехтар бар, Ұлыбритания мен Өзбекстанда құнды қағаздар, Болгарияда, Германияда, Чехияда және БАӘ-де заңды тұлғалардың үлесі бар", - деді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мүлікті жекешелендіруге байланысты азаматтарды амнистициялау мәселелері туралы заңды жүзеге асыруға арналған Мәжіліс отырысында. 

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта елде жекешелендіруге өтінім берілген мүліктің жалпы сомасы - 1,7 триллион теңге, оның 1,5 триллион теңгесі жекешелендірілді. Ал жалпы мерзім бойынша акция мүмкіндіктерін 90 мың азаматымыз қолданған.

Сұлтановтың айтуынша, мүлікті жекешелендіру бойынша акцияның аясында құқық қорғау органдарына қылмыстық іс қозғау немесе мүлікті жекешелендіру дерегін дәлел ретінде көрсетуге тыйым салынған. Жекешелендірілген мүлік тәркіленбейді де екен.

"Яғни Мемлекет басшысының құқық қорғау органдары жекешелендіруге қатысып жатқан тұлғаларға, нысандарына жақындамауы керектігі туралы тапсырмасын біз заң жүзінде қамтамасыз еттік", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети