24 мамыр 2017 09:19

Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 мамырда Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық әріптестік министрі, шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Кездесудің басты нәтижесі екі елдің азаматтарын 30 күн мерзімге визасыз кіргізуді қарастыратын құжатқа қол қою болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Таяу уақытта Қазақстан мен БАӘ осы келісім күшіне ену үшін мемлекет ішкі процедураларды өткізеді. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді негізгі қарым-қатынас туралы және сириялық дағдарыс туралы талқылады. 

"Бүгінгі кездесу Қазақстан-БАӘ қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін екіжақты және көпжақты форматта талқылауға мүмкіндік берді. Тараптардың жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдарының тығыз байланысқа түсуге дайындығы атап өтілді", - деп мәлімдеді Әбдірахманов.

© ҚР СІМ баспасөз қызметі 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети